Футбол

Германия құрамасы Конфедерация кубогын жеңіп алды (видео)

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

3 шілдеге қараған түні футболдан Конфедерация кубогының финалы өтті. Ақтық матчта Чили мен Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды tvzvezda.ru.


Командалардың кездесуі Санкт-Петербургтегі "Крестовский" стадионында өтіп, Германия құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 20-шы минутта Марсело Диастың қателігінен кейін Тимо Вернерден пас алған Ларс Штиндль соқты.


Германия командасы Конфедерация кубогын тұңғыш рет жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Германияның үш бірдей ойыншысы үздік бомбардирлердің қатарынан табылды - Ларс Штиндль, Тимо Вернер және Леон Горецка үш голдан соқты.



Айта кетейік, топтық кездесуде Германия мен Чили кездесіп 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Сол кезде Штиндль гол соққан еді.


Ал мұның алдында Конфедерация кубогындағы үшінші орынға талас матчында Португалия овертаймда Мексика құрамасын 2:1 есебімен жеңген еді. Роналдусыз алаңға шыққан Фернанду Сантуш шәкірттері Мексика құрамасын қосымша уақыт қорытындысы бойынша жеңді.


vesti.kz

 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.07.2017, 08:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31