Футбол

Исландия құрамасы өз тарихында бірінші рет әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты

  • ©Thor Hardarson/EPA

    ©Thor Hardarson/EPA

Футболдан Исландия құрамасы кеше өз алаңында Косово құрамасын жеңіп, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты.


I тобындағы Рейкьявик қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Исландия құрамасы сапында Гилфи Сигурдссон (40-минут) мен Йоханн Гудмундссон (68-минут) гол соқты.


Осы топта өткен тағы бір ойында Хорватия құрамасы Киевте Украина құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, Түркия құрамасы түзде Финляндия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады.


Осылайша, Исландия құрамасы 22 ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алып, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алып отыр. Ал Хорватия құрамасы 20 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Енді олар Еуропа аймағында тоғыспа кездесуге қатысатын болады.


Ал Украина құрамасы 17 ұпай жинап, әлем біріншілігіне берілетін жолдамадан тыс қалды. Төртінші орында Түркия (15 ұпай), бесінші орында Финляндия (9 ұпай), алтыншы орында Косово (1 ұпай) құрамалары жайғасқан.


Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңінің жеребесі 1 желтоқсан күні Мәскеу қаласында тартылады. Турнир 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілде күндері Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.


vesti.kz

 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.10.2017, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31