Футбол

Испания Аргентинаны ойсырата ұтты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан Испания құрамасы Аргентина ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізіп, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды vesti.kz.


Мадридтің "Ванда Метрополитано" стадионында өткен ойында 6:1 есебімен алаң иелері басымдық танытты. Испания құрамасындағы Иско үш гол салды (27-ші, 52-ші және 74-ші минуттарда) - бұл оның спорттық мансабындағы бірінші хет-трик. Сондай-ақ, Диего Коста (12-ші), Тьяго Алькантара (55-ші) және Яго Аспас (73-ші) бір-бір голдан салды. Николас Отаменди (39-ші) испаниялықтарға жауап ретінде жалғыз голдың авторы атанды.


Бұл кездесуге Аргентина құрамасының көшбасшысы қатысқан жоқ. Шабуылшы бұрынғы жарақатына байланысты жайсыздық сезінетінін айтқан, осы орайда бапкерлер оның денсаулығына алаңдап, ойынға қатыстырған жоқ.


Хорхе Сампаоли шәкірттері осындай нашар нәтижені үшінші рет қайталап отыр. 1958 жылы Аргентинаны Чехославакия талқандаған, ал 2009 жылы Боливия да осындай есеппен аргентиналықтарды тізе бүктірген еді.  


"Барселона" шабуылшысы осы ойынды VIP-ложадан қараған. Алайда Лионель Месси жолдастық кездесуді соңына дейін тамашалаған жоқ. Испаниялық клубтың ойыншылары алтыншы голды салғанда, Месси орнынан тұрып кетіп қалды.




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30