Футбол

Жылына екі миллион еуро алатын қазақстандық футболшы кім?

  • © KazFootbal

    © KazFootbal

"Jeune Afrique" журналы Қайрат командасының шабуылшысы Жерар Гоудың жылдық табысын жариялады. Африкалық басылым мәліметі бойынша футболшы жылына 2 миллион еуро алады екен.

28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген еді. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты.

Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.

Жерар Гоудың алматылық клубтағы табысы жылына 2 миллион еуро болса, қосымша сыйақылар бұл қаржыға қосылмаған. Команда мен ойыншының келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Әзірге "Қайрат" командасы ойыншымен келісімді жалғастыру, не жалғастырмау туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал шабуылшының өзі командада қалуға ниетті көрінеді.

Қазақстанда танымал футболшылар жоғары көлемде жалақы алатыны жасырын емес. Осыған дейін Қазақстан футбол федерациясын басқарған Ерлан Қожағапанов Қазақстан премьер-лигасында айына 70 000 еуро алатын футболшы барын айтқан еді.

Ал "Самрұқ-Қазына" қорының атқарушы директоры Дархан Кәлетаев "Астана" клубында қазақстандық ойыншының біріне жылына 1,1 миллион доллар беретінін тілге тиек еткен-ді.

2015 жылы "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары қанша жалақы алатыны жайлы да ақпар тараған еді.

Ал 2016 жылы Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев "Қайратта" Андрей Аршавин жылына 1 миллион еуро алатынын жеткізген-ді. Алайда алматылық клуб командада ешбір ойыншы мұндай көлемде қомақты жалақы алмайтынын мәлімдеген болатын.

massaget.kz


Көрілген: 359    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 12.11.2017, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31