Футбол

"Қайратта" ойнаған футболшы испандық клубқа ауысты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболшы мен команда басшылығы барлық құжаттар дайын болғаннан кейін келісімшартқа қол қоятын болады.


"Қайратта" ойнаған қорғаушы Сесар Арзо Таррагонаның (Испания) "Химнастик" клубында ойнайды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.


Футболшы мен команда басшылығы барлық құжаттар дайын болғаннан кейін келісімшартқа қол қоятын болады.


Испания екінші лигасындағы клуб 19 турдан кейін 22 команда ішінде 18-орында тұр. Маусым соңында 19 бен 22-орын алған командалар төменгі лигаға түсетін болады.


Сезар Арзо алматылық клубқа 2016 жылдың шілде айында ауысып келген еді. Командамен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін, Кубок пен Суперкубокты жеңіп алды. 49 ойынға қатысып, 3 гол соқты.


Қорғаушы Испанияның "Вильрреал" командасының түлегі. Футболдағы мансабын 2002 жылы осы командада бастаған.


Айта кетейік, "Қайрат" командасынан Жерар Гоу мен Жарко Марковичтің кеткені белгілі болған еді. Сондай-ақ, ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан болатын.


vesti.kz


 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сенбі, 30.12.2017, 20:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30