Футбол

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізді

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.


Ойындағы бірінші голды 13 минутта Роман Мұртазаев соқты. Араға бірер минут сала Серікжан Мұжықов есепті еселеді. Ойындағы үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды. Оның алыстан қия тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.


Бір қызығы, ойындағы үш голды да "Астана" командасының ойыншылары соқты. Ал Станимир Стойлов ұлттық құрамадағы үшінші ойынына бастап шықты. Бірінші кездесуінде Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтса, екінші кездесуде Болгарияға 2:1 есебімен ұтылған болатын.


Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ топта Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойнайды. 


kaz.vesti.kz




Көрілген: 188    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31