Футбол

Қазақстан құрамасы Польшадан да ойсырай жеңілді

  • © Reuters

    © Reuters

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Варшавада Польша құрамасына 3:0 есебімен ұтылды. Бірер күн бұрын дәл осындай есеп айырмасымен Астанада Черногория құрамасына жол берген еді.


Ойындағы есепті 11 минутта Аркадиуш Милик ашты. Оның баспен бағыттаған добын Давид Лория қайтара алмады. Бірінші таймда осы голдың есебі бойынша поляктар алда болды. Ал екінші тайм басында Қазақстан құрамасы гол соққан. Дегенмен латвиялық төреші Сергей Хижниченконың соққан голын есепке алмады.


72 минутта Роберт Левандовский айып соққысын сәтті орындады. Давид Лория допты қайтарғанмен, қақпа ішінен кері қайтты. Қақпа маңындағы төреші қателесіп, нәтижені есепке алмады. Дегенмен араға бірер минут сала Польша құрамасы ойындағы екінші голын соғып тынды. Камил Глик бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есепті еселеді.


86 минутта төреші Андрис Триманис Юрий Логвиненко ойын ережесін бұзды деп танып, Қазақстан құрамасы қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Роберт Левандовский мүлт кеткен жоқ.


3 ұпайға ие болған Польша құрамасы топта көш бастады. Іріктеу кезеңінің аяқталуына әлі екі тур бар. 5 қазан күні Қазақстан құрамасы түзде Румыниямен ойнаса, араға үш күн сала Астанада Армения құрамасымен кездеседі.


vesti.kz


 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 05.09.2017, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31