Футбол

Қазақстанның шабуылшысы сынған аяғына қарамастан соңына дейін ойнаған

  • Қазақстанның шабуылшысы сынған аяғына қарамастан соңына дейін ойнаған

    Қазақстанның шабуылшысы сынған аяғына қарамастан соңына дейін ойнаған

Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Альберт Акбаликов Словенияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде сынған аяғына қарамастан Ресейге қарсы ойнаған деп хабарлайды prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ойын барысында жарақат алып қалған Акбаликов соңына дейін шыдап бағыпты.


Кездесу аяқталған соң рентгенге түскен шабуылшы оң аяғының сынғанын біледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасының ойыншысы жеңіске деген құштарлығы мен ерік-жігерінің арқасында ерліктің үлгісін көрсетті деуге болады.


Аяғының сынғанына қарамастан бапкерден өзін ауыстыруды сұрамаған Акбаликов құрама үшін аса маңызды болған нәтижеге өз үлесін қосты.


Естеріңізге сала кетсек, футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Сербиямен ойын өткізген Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жартылай финалға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз. 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31