Футбол

"Қазақтың Мессиі" қайда барады?

  • © instagram.com/ufafc

    © instagram.com/ufafc

"Қазақтың Мессиі" деп танылған жас ойыншы Еркебұлан Сейдахмет Ресей премьер-лигасындағы "Уфа" командасы құрамынан кетті, - деп хабарлайды  Vesti.kz тілшісі.


Қазіргі таңда футболшы мен башқұртстандық клубтың өкілдері әлі де келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Әйтсе де "Уфа" командасы 18 жастағы қазақстандық ойыншы үшін сұраған қаржыны төлеуден бас тартып отырғанға ұқсайды. Қазір қазақстандық ойыншыға қызығушылық танытып отырған біршама командалар бар.


Естеріңізде болса Еркебұлан Сейдахмет қаңтар айының ортасында "Уфамен" оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Команданың Кипрдегі екі бірдей дайындық шараларына қатысты. Ларнаканың (Кипр) "Алки" командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып, алғашқы голын да соқты. Плоцкінің (Польша) "Висла" клубына қарсы ойында бір тайм ойнаса, "Слован" (Чехия) командасына қарсы кездесуде 90 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді.


"Қазақтың" Мессиі қайда барады? Әзірге талантты қазақ футболшысы мансабын қай клубта жалғастыратыны белгісіз. Ойыншы кеше Instagram желісіндегі парақшасы "тарихына" "Будем двигаться дальше" деп жазба қалдырған. Қазақ спорты жанкүйерлері де ойыншының тасы өрге домалап, биік жетістіктерді бағындыруына шын жүректен тілектес.


 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30