Футбол

Клубтасымен соқтығысқан қақпашы ажал құшты (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Индонезиялық клубтың қақпашысы ел чемпионатының матчынан кейін көз жұмды. Ол ойын барысында командаласымен соқтығысып қалған.


"Персела Ламонган" мен "Семен Паданг" командалары арасында өткен ойын кезінде алаң иесінің қақпашысы Чойрул Худа қонақтардың шабуылшысы Марсел Сакраментомен допқа таласқан клубтасы Рамоно Родригеспен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан голкипер есінен тана құлаған. Матч төрешісі ойынды тоқтатып, дәрігерлерді шақырды. Олар Худаны өз-өзіне келтіре алмаған соң зембілге салып алаңнан алып шықты. Дәрігерлер госпитальға жеткізілген 38 жастағы Худаны ажалдан арашалап қала алмады, деп хабарлайды Goal. Матчтан кейін "Перселаның " бапкері Аджи Сантосо Худаның ауруханада көз жұмғанын мәлім етті.


Дәрігерлердің бірі оның басы мен мойнының ауыр жарақаты салдарынан қаза тапқанын хабарлады. Оны құтқару мүмкін болмаған. Худа 1999 жылдан бері үзбей, тек «Персела» командасында ойнаған.



ҚазАқпарат


 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.10.2017, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31