Футбол

Криштиану Роналду 2017 жылғы "Алтын доптың" иегері атанды

  • © like.sumy.ua

    © like.sumy.ua

Жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімі Париждегі Эйфель мұнарасында өтті.


Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду 2017 жылғы "Алтын доптың" иегері атанды. Футболшы бұл марапатты бесінші рет иеленіп, Лионель Мессимен теңесті.


Жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімі Париждегі Эйфель мұнарасында өтті. Алтын доп иегерін "France Football" басылымы анықтады.


- Мен өте қуаныштымын. Көптен күткен қуанышты сәт. Мен үшін осы жыл керемет өтті. Реалмен бірге Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алдым. Ал жекелей көрсеткіш бойынша Чемпиондар лигасының үзідк сұрмергені атандым. Реал мен Португалия құрамасындағы командаластарыма алғысымды білдіремін. Бұл марапат – мен үшін аса маңызды, - деді футболшы.


Роналду осыған дейін "Алтын допты" 2008, 2013, 2014, 2016 жылдары иеленді. Ал Лионель Месси (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы болып келген еді.


Айта кетейік, "France Football" журналы өткен жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде былтырдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өте бастады. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын.


vesti.kz


 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 08.12.2017, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31