Футбол

Криштиану Роналду "Реалдың" Испания кубогінен шығып қалуына кім кінәлі екенін атады

  • © kickoff.com

    © kickoff.com

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания кубогінің ширек финалдық кезеңінде "Леганес" (1:2) клубынан жеңілген әріптестерінің өнеріне көңілі толмады, деп жазады "Спорт-Экспресс".


Express басылымының мәліметі бойынша, португалиялық шабуылшыға бұл ойында қақпашы Кико Касилья, қорғаушы Ашраф Хакими және жартылай қорғаушы Маркос Льорентенің ойындары көңілінен шықпапты.


Роналдудың өзі бұл ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енген жоқ. Себебі, ол Испания біріншілігінде "Депортиво" (7:1 клубына қарсы кездесуде жарақат алып қалған болатын. Сонымен қатар бұл ойында мадридтік команда сапында Гарет Бэйл, Луак Модрич және Марсело секілді футболшылар ойнаған жоқ.


Ойыннан кейін бұл жеңіліс үшін кінәні толығымен "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан алып отыр.


"Бұл біз үшін сәтсіз нәтиже. Мұны толық мойындаймын. Нәтижеге мен жауап беремін. Ойыншыларыма ашуланып отырған жоқпын. Мен тек өзіме ашулымын. Футболшыларымның барлығы тырысты, жүгірді, жақсы ойнады. Бірақ шамалы сәттілік жетіспеді. Мен кінәлімін. Бұл жағдайды мұқият бағамдау керекпіз. Бірінші кезекте мен сараптау керекпін. Сосын бұл жағдайдан қалай шығу туралы шешім шығару керек", - деп келтіреді Зиданның сөзін Marca басылымы.


Еске салайық, Испания кубогінің ширек финалындағы бірінші ойында "Реал" 1:0 есебімен жеңген болатын. Жауапты кездесуде "карольдік клуб" "Леганестен" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша "Реал" төртінші жыл қатарынан кубоктік бәсекеден шығып қалып отыр.


vesti.kz




 




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31