Футбол

Криштиану Роналдудің қай командаға ауысатыны белгілі болды

  • Криштиану Роналду. Сурет

    Криштиану Роналду. Сурет "Реал Мадрид" ФК сайтынан

Мадридтік "Реалдың" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спорттық мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды.


Sapo Desporto басылымының мәліметінше, сұрмерген француздық "Пари Сен-Жерменге" өтпекші. Дереккөз мәліметінше, футболшының агенті Жорже Мендеш француздық команданың сапына ауысу үшін келіссөздер жүргізу үшін Парижге келген.


Таяуда Роналду Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульді" жеңгеннен кейін "Реалдан" кетемін дегендей қылды. "Болашақ жайлы кейінірек айтатын боламыз. Маған "Реал" үшін ойнаға қатты ұнады, жауапты таяу күндері айтатын боламын", - деді португалиялық. Клубтағы әріптестері оның сөзіне көңілі толмады.


AS басылымының мәліметінше, Роналду клубтың жаңа ұсынған келісімшартына көңілі толмағаннан кейін кетпекші екен. Сондай-ақ, ПСЖ шабуылшысы Неймарды "Реалға" өтуі мүмкін деген хабар қуантпаған секілді. Роналду "Алтын допты" алып жатқанда мадридтік клубтың президенті Флорентино Перестің бразилиялық футболшынының ойынына мақтау айтқаны ұнамай қалған.


Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысып келген. "Корольдік клубтың" сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 1219    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31