Футбол

Қыз зорлады деп айыпталған футболшы 9 жылға сотталуы мүмкін

  • Қыз зорлады деп айыпталған футболшы 9 жылға сотталуы мүмкін

    Қыз зорлады деп айыпталған футболшы 9 жылға сотталуы мүмкін

Милан соты «Милан» футбол клубының бұрынғы қорғаушысы, Бразилия құрамасының футболшысы Робиньоны жаппай зорлау оқиғасы бойынша айыптап, 9 жыл түрмеге жабу үкімін шығарды. Аппеляция қарауына дейін бұл үкім күшіне енбейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.


2013 жылдың қаңтарында футболшы және өзге бес ер адам Миландағы түнгі клубтардың бірінде 22 жастағы қызды зорлау актісін жасағаны сот қорытындысында айтылды.


Футболшы мұндай оқиға бойынша бірінші рет айыпталып отырған жоқ. 2009 жылы ол Англияда зорлау фактісі бойынша күдікті ретінде тұтқындалды, бірақ аталған іс жабылды. Робиньо 2010-2015 жылдары «Милан» сапында болды. 2017-2018 маусымында фуболшы «Атлетико Минейро» командасында ойнады. Ал футболшының адвокаты Робиньоның кінәлі емес екенін және бұл зорлау фактісіне қатыспағанын айтып отыр.


«Робиньо бұл айыптаудан өзін қорғап шықты, бұл оқиғаға қатыспағанын айтты. Сот шешіміне шағымдану үшін барлық заңнамалық қадамға сай алғашқы инстанциялар қабылданып жатыр», - деді футболшының қорғаушысы.




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сенбі, 25.11.2017, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31