Футбол

"Ливерпуль" "Манчестер Ситиді" қарымта ойында да ұтты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Ағылшынның "Ливерпуль" футбол клубы араға 10 жыл салып барып Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Юрген Клопп шәкірттері "Манчестер Ситиді" қарымта ойында да қапы қалдырды.


Футбол жанкүйерлері камбэкті Римдегі ойыннан емес, Манчестерден күткен. Көпшіліктің назары да осы ойынға ауған еді. Тіпті 3 минутта Габриэль Жезус "Манчестер Ситиді" есепте алға шығарғанда, елдің құлағы елеңдей түскен. Бірінші тайм аяқталғанша алаң иелерінің есепті еселеулеріне тамаша мүмкіндіктері болған. Бірде қақпа бағанынан қайтса, бірде соғылған голын төреші есепке алмады. Төрешіге дөрекі сөйлеген алаң иелерінің бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола алаң жиегінен қуылып, ойынды тек сырттан бақылады.


56 минутта Мұхаммед Салах есепті теңестіргеннен кейін, алаң иелерінен жартылай финал жолдамасының ауылы алыстады. 77 минутта Кайл Уокерден допты тартып ала білген Роберто Фирмино "Ливерпульге" жеңіс сыйлаған голды соқты.


"Манчестер Сити" соңғы үш ойында да ұтылды. Бір апта бұрын "Ливерпульге" 3:0 есебімен есе жіберсе, сенбі күні "Манчестер Юнайтедтен" (2:3) ұтылған болатын.


Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан тағы бір команда – "Рома". Римдік клуб қарымта ойында "Барселонаны" 3:0 есебімен ұтып, камбэк жасады. Ал 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні "Бавария" – "Севилья", "Реал" – "Ювентус" командаларының қарымта кездесулері өтеді. 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31