Футбол

"Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда белгілі болды.


Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда белгілі болды. Бірі – "Севилья" (Испания), екіншісі – "Рома" (Италия).


"Манчестер Юнайтед" (Англия) – "Севилья" (Испания) 1-2

Бірінші ойын: 0:0


Танымал футбол маманы Жозе Моуринью жаттықтыратын "Манчестер Юнайтед" 1/8 финалда сүрінді. Түнде өз алаңында Испанияның "Севилья" командасына есе жіберді. "Қызыл сойқандар" бұл ойында фаворит саналғанмен, қос ойын қорытындысы бойынша испандық ұжымның шоқтығы биік болды.


Бірінші ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан. Ол кездесуде де "Севилья" командасы жүйелі ойынымен көзге түскен еді. Ал қорғанысты басты назарда ұстауға тырысатын Жозе бапкердің жоспарынан түк шықпағандай. Қарымта ойын да "қызыл сойқандарға" қиын соқты...


"Олд Траффордта" өткен қарымта ойында испандық ұжым жеңіске жетті. Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. Винченцо Монтелла 72 минутта шабуылшы Виссам Бен Йеддерді алаңға шығарды. Француз шабуылшысы ойынға шыға сала өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп ашты. Араға бірнеше минут сала екінші голын соғып, "Севильяға" айқын басымдық сыйлады. Манкуниандық клуб өз қақпаларына гол соғылғаннан кейін шабуылды ширатты. Алайда қорғанысты ұмыт қалдырып, "Севильяның" тағы бірнеше гол соғуға мүмкіндігі болды. Бірінде испандық команда ойыншылары қателессе, бірінде Де Хеа құтқарып қалды.


84 минутта Ромелу Лукаку есепті қысқартты. Алаң иелері ширек финалға шығу үшін тағы екі гол соғу керек еді. Мұндай ерлік "қызыл сойқандардың" қолынан келген жоқ.


"Севилья" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.


"Рома" (Италия) – "Шахтер Донецк" (Украина) 1:0

Бірінші ойын: 1:2


Бұл кездесудің фавориті әу бастан-ақ италиялық команда еді. Әйтсе де бірінші ойында украиналық команда жеңіске жетті. "Рома" ойыншылары сасқан жоқ. Өз алаңындағы қарымта ойынды күтті.


Сырт алаңда соққан голдың салмағы басым. "Рома" командасы үшін 1:0 есебімен жеңіске жетудің өзі ширек финалға шығуға жол ашты. 52 минутта Эдин Джеконың соққан голы "Шахтер" ойыншыларын сан соқтырды. Тіпті, 79 минутта украиналық команда сапынан Иван Ордец алаңнан қуылып, 10 ойыншымен қалды. 1:0 есебі сақталып, "Рома" ширек финалға шықты.


Айта кетейік, осыған дейін "Ювентус" (Италия), "Манчестер Сити" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания) және "Ливерпуль" (Англия) командалары ширек финалға шыққан еді. Бүгін түнде соңғы екі команда белгілі болады. "Барселона"(Испания) мен "Челси" (Англия), "Бешикташ" (Түркия) пен "Бавария" (Германия) кездеседі.


vesti.kz


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31