Футбол

"Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасын жеңіп алды (фото, видео)

  • © kaz.vesti.kz

    © kaz.vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасын ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасы жеңіп алды. Жозе Моуринью шәкірттері финалда "Аяксты" 2:0 есебімен ұтты.


Стокгольмдегі финалдық кездесуді манкуниандық команда ширақ бастады. Шабуылшы Маркус Рэшфорд алғашқы минуттардан-ақ "Аякс" қақпасын бірнеше рет нысанаға алып көрді. Бірде қақпашы, бірде қорғаушылар допты айып алаңынан алып шықты. 18 минутта Маруан Феллайнидің берген добын Поль Погба қақпаға бағыттады. Қорғаушылардың біріне тиген доп бағытын өзгертіп, қақпашы Андре Онана күткен бағытынан жаңылдырды. Нәтижесінде ойындағы есеп ашылды.



Бір гол соққаннан кейін қызыл сойқандар қорғанысқа шегіне бастады. Қарымта шабуылға иек артып, қарсыластарын күтумен бірінші таймды аяқтады.


Екінші таймды да "Манчестер Юнайтед" командасы белсенді бастады. 48 минутта Хуан Мата бұрыштамадан доп асырып, оған бірінші болып Крис Смоллинг жетті. Ал қақпа маңында тұрған Генрих Мхитарян командаласы бағыттаған допты қақпа тура бағыттады. Доп қақпа торында тулап, манкуниандық команда ойындағы екінші голын соқты.



"Аякстың" жас таланттары сәт санап алға ұмтылғанмен, тәжірибелі "Манчестер Юнайтед" футболшылары қателікке бой алдыра қойған жоқ. Тіпті ойын соңына қарай Джесси Лингардтың үшінші голды соғуына зор мүмкіндігі болды. Дегенмен 2:0 есебі сақталып, "Манчестер Юнайтед" өз тарихында алғаш рет Еуропа лигасы кубогын жеңіп алды.



Жозе Моуринью жаттықтыратын "Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында үздік төрттікке кіре алмай Чемпиондар лигасынан тыс қалған еді. Еуропа лигасын жеңу арқылы қызыл сойқандар Чемпиондар лигасына жолдама алды.



kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.05.2017, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31