Футбол

Месси бесінші "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды

  • © Спорт-Экспресс

    © Спорт-Экспресс

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Еуропа чемпионаттарының үздік сұрмергені ретінде бесінші мәрте "Алтын бутсы" жүлдесін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FCBARCELONA.com сайтына сілтеме жасап.


"Алтын бутсы" жеңімпазы чемпионат коэффициенті мен соққан голдарын көбейту арқылы анықталады. 2017-18 маусымында Месси Испания чемпионатының 36 матчында 34 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.


Испания чемпионатымен деңгейлес өзге де Топ-5 еуропалық лигалардың чемпионатында мына футболшылар сұрмерген атанды: Англия - Мохамед Салах, "Ливерпуль", 36 матчта 32 гол; Германия - Роберт Ленвадовский, "Бавария", 30 матчта 29 гол; Италия - Чиро Иммобиле, "Лацио", 33 матчта 29 гол; Франция - Эдинсон Кавани, "Пари Сен-Жермен", 32 матчта 28 гол.


Мұның алдында Месси бұл жүлдені 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары алған. Осылайша ол төрт "Алтын бутцы" жүлдесін төрт рет алған "мадридтік "Реалдағы" португал Криштиану Роналдудан озып отыр. 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31