Футбол

Месси биыл "Алтын допқа" кімдердің үміткер болатынын айтты

  • © azaniapost.com

    © azaniapost.com

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси WorldSoccer Magazine басылымына берген сұқбатында France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын допқа" биыл кімдердің үміткер болатынын айтты.


Соңғы он жылда бұл жүлде екі футболшыға бұйырып жүр. Бес рет "Алтын допты" Месси алса, тағы бес рет португалиялық Криштиану Роналду алды.


"Қазіргі уақытта әлемде "Алтын допты" жеңіп алуға үміткер мықты футболшылар көп. Соңғы жылдары тек екі ғана футболшы бар еді. Енді Неймар, Килиан Мбаппе және Луис Суарес бәсекелес бола алады"-, деп келтіреді Мессидің сөзін Sports.ru порталы.


Айта кетейік, 2015 және 2017 жылдары Неймар "Алтын допқа" үміткер ойыншылардың арасында үшінші орын алған болатын. Ал Мбаппе мен Суарес әлі үздік үштіктің қатарына қосылмады.


Месси және Роналдуға дейін "Алтын допты" алған соңғы футболшы Кака болған еді. Ол 2007 жылы әлемнің үздігі деп танылды. Былтыр желтоқсан айында ол карьерасын аяқтады.


Бұған дейін "Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави болашақта "Алтын допқа" Неймар мен Мбаппе арасындағы тарты өтеді деген еді.


vesti.kz


 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28