Футбол

Месси Неймарға "Реал" сапына өтпеуге кеңес берді

  • © REUTERS/Kim Kyung-Hoon

    © REUTERS/Kim Kyung-Hoon

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" сұрмергені Неймарға ұлыбританиялық "Манчестер Ситиге" өтуге кеңес берді, - деп хабарлайды Don Balon.


Басылым мәліметінше, Месси каталониялық клубтың бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиоланың "Ситиді" қалай жетектеп келе жатқанына тәнті болған. Аргентиналық футболшы Неймардың стилі ұлыбританиялық клубтың ойынына келетінін айтқан. Сондай-ақ Месси бразилиялық футболшыға "Реалға" бармауын, яғни ұсыныстан бас тартуын сұрады.


Наурыздың ортасында Неймар әкесіне "Реалмен" келіссөздерді бастауын сұраған еді. Бразилиялық футболшы француздық чемпионаттың деңгейіне разы еместігін айтқан. БАҚ өкілдері Неймардың "барселонаға" қайтып келуі мүмкін екенін де жазды.


24 наурызда "Реал" өкілдері Неймардың клубқа өткен жағдайында қанша гонорар болатынын көрсеткен.


Бразилиялық шабуылшы "Барселонадан" ПСЖ-ға" 222 миллион еуроға келген еді. Осы маусымда Неймар 30 ойын өткізіп, 28 гол салды.  


vesti.kz




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31