Футбол

ПСЖ бас бапкерінің қызметіне Неймар бастаған бразилиялық футболшылардың көңілі толмайды

  • Унаи Эмери. © Goal.com

    Унаи Эмери. © Goal.com

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының басшылары қысқы трансферлік маусымның алдында команданың бас бапкері Унаи Эмериді қызметінен босатуы мүмкін. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы Yahoo Sport UK басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Дереккөздің мәліметі бойыша, қазіргі уақытта Эмеридің ойыншылар арасында абыройы жоқ екен. Нақтырақ айтатын болсақ, маманның қызметіне Неймар бастаған клубтың бразилиялық футболшыларының көңілі толмайды.


ПСЖ басшылары команданың тізгінін қазіргі уақытта ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының тізгінін ұстап жүрген Жозе Моуриньоға бергісі келеді. Сонымен қатар франциялық клуб Эмериді қызметінен босатқаннан кейін оның орнына жыл соңына дейін клуб тізгінін уақытша бір маманға беруі ықтимал.


Айта кетейік, Эмеридің бастамасымен ПСЖ клубы қазіргі уақытта Франция чемпионатында көш бастап, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.


vesti.kz 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30