Футбол

ПСЖ Роналдуға 45 миллион еуро ұсынып отыр - БАҚ

  • © REUTERS

    © REUTERS

Француздық "Пари Сен-Жермен" "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдуға жылдық табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға дайын, ал мадридтік клубқа португалиялық футболшының трансфері үшін 150 миллион еуро бермекші, - деп хабарлайды Р-Спорт порталы As басылымына сілтеме жасап.


Басылым мәліметінше, Роналду ПСЖ-мен келісімшарт жасасатын болса, онда оның табысы "Барселонадағы" Лионель Мессидікімен теңеседі екен. Осыған дейін Роналду "Реалдан" кететіні жайлы айтып қалған еді.


"Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес португалиялық футболшымен келісімшарт 2021 жылға дейін толтырылғанын айтады.


ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасасу үшін командадағы сұрмерген Эдисон Каванимен, Гонсало Гедешпен және жартылай қорғаушы Анхель Ди Мариямен қоштасуға дайын екенін жеткізді.


Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысып келген. "Корольдік клубтың" сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 21:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31