Футбол

"Реал" "Бавариядан" басым түсті

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Реал" "Бавариядан" басым болды. Мюнхенде өткен кездесуде мадридтік команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.


Командалар бірінші таймда бір-бір голдан алмасты. 28 минутта Йозуа Киммих "Баварияны" есепте алға шығарды. Оның қия тепкен добын Кейлор Навас қайтарып үлгермеді. Командаластарының біріне пас береді деп ойласа керек. Өйткені айып алаңында мюнхендіктердің екі бірдей ойыншысы келіп үлгерген еді.


"Баварияға" алғашқы минуттарда Арьен Роббеннің жарақат алуы, 34 минутта Джером Боатенгтің ойынды жалғастыра алмауы қиын соқты. Юпп Хайнкестің жоспары өзгерді. Алаңға Тиаго Алькантара мен Никлас Зюле ерте шықты. Ал "Реал" сапынан Роналду көзге көп түсе қойған жоқ. Роберт Левандовский Серхио Рамостан сытылып шығар сәт таппады.


Бірінші тайм аяқталар тұста Марсело алыс қашықтықтан Ульрих қорғаған қақпаға допты тура бағыттады. Доп жерлеп барып "Бавария" қақпасының торында тулады.


Екінші таймда Зиннедин Зидан Исконың орнына Марко Асенсионы шығарды. Шабуылшы тек шықпапты. 57 минутта командаласы Лукас Васкестің берген пасын сәтті пайдаланды. Ойында "корольдік клубқа" жеңіс сыйлаған голды соқты.


67 минутта Даниэль Карвахальды алмастырған Карим Бенземаның да гол соғуға мүмкіндігі болған. Бірақ пайдалана алмады. Ал Роналду гол соққанмен, төреші оның қолмен ойнағанын байқап үлгерді. Осылайша "Реал" бірінші ойында "Баварияға" басымдығын танытты. Қарымта кездесу 1 мамырдан 2 мамырға қараған түні өтеді.


Айта кетейік, кеше жартылай финалдағы бірінші ойында "Ливерпуль" "Романы" 5:2 есебімен ұтқан болатын. 


vesti.kz




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31