Футбол

"Реал" 17 жастағы шабуылшыны 45 миллион еуроға сатып алды (видео)

  • © eurosport

    © eurosport

Мадридтің "Реал" футбол клубы бразилиялық талантты жас футболшы Винисиус Жуниорды сатып алды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.


"Корольдік клуб" 2018 жылдың шілде айынан бастап 17 жастағы шабуылшымен толықтай келісімшартқа қол қоя алады. Ол кезде Винисиус Жуниор 18 жасқа толады. Ойыншы 2019 жылдың шілдесіне дейін "Фламенгодағы" мансабын жалғастыра береді. Егер клуб басшылығы келісіп жатса, шабуылшының одан ертерек "Реал" сапына қосылуы да мүмкін.


Жас шабуылшы үшін "Реал" қанша қаржы шығындағаны әзірге белгісіз. Батыстық басылымдардың жазуы бойынша Винисиус Жуниордың трансфер құны 45 миллион еуроға бағаланып отыр екен.



Винисиус Жуниор наурыз айында өткен Оңтүстік Америка құрлығындағы 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы чемпионатта көзге түсті. Жарыстың үздік сұрмергені атанып, еуропалық бірнеше алпауыт командалар скауттарының назарына іліккен болатын.


kaz.vesti.kz




 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.05.2017, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31