Футбол

"Реал" футбол тарихындағы ең қымбат ойыншыны сатып алмақшы

  • © campeones.ua

    © campeones.ua

"Реал" клубы "Монаконың" форварды Килиан Мбаппені сатып алуға келісті, - деп хабарлайды Sports.ru.


Мадридтік клуб монаколық футболшы үшін 160 миллион еуро төлейді. Тағы 20 миллион еуроны "Монако" бонус ретінде алуы мүмкін.


Тағы бір мәлімет бойынша, "Реал" бастапқыда 150 миллион еуро төлеп, қалғанын 30 миллионды бонус ретінде беруі мүмкін.


Осылайша монаколық футболшы футбол тарихындағы ең қымбаты ойыншы болуы мүмкін.


Әзірге рекордтық сома Поль Погбаға тиесілі. Өткен жылы "Ювентус" клубы футболшыны "Манчестер Юнайтед" клубына 105-110 миллион еуроға сатып жіберген болатын.


"Реал" мен "Монако" ресми түрде келісімшарт жасасқан уақытта, Мбаппе мадридтік клуб сапында алты жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жылдық табысы 7 миллион еуро болады. Бұл салықтан кейінгі түсетін сома.


Екі жақ келісімшартты жақын күндері жасамақшы.


kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31