Футбол

"Реал" "Манчестер Юнайтедті" жеңіп, екінші жыл қатарынан УЕФА Кубогын алды (видео)

  • © Reuters

    © Reuters

Испанияның "Реал Мадрид" клубы УЕФА Суперкубогы үшін талас матчта ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Македонияның Скопья қаласындағы "Филипп II" стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды.


Бірінші допты 24-ші минутында "Реал" хавбегі Каземиро соқты. Мадридтіктер үзілістен кейін есеп айырмасын ұзарта білді. 52-ші минутта Искол Гарет Бэйлмен доп алмасып, Давид Де Хей күзеткен қақпадан саңылау тапты.


62-ші минутта "МЮ" есеп айырмасын қысқартты - Неманья Матичтің соққысын "Реал" голкипері Кейлор Навас қайтарған, алайда Ромелу Лукаку қайтарылған допты қақпаға дәл бағыттай білді.


Айта кетейік, бұрын "МЮ" сапында ойнаған "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду команданың маусым қарсаңындағы жаттығуына қатыса алмағандықтан алаңға 83-ші минутта шықты.


Осылайша "Реал" өз тарихында төртінші рет және екінші рет қатарынан (2002, 2014, 2016 және 2017) УЕФА Суперкубогын жеңіп алып отыр, сондай-ақ, мадридтіктер финалға шығып тұрып, екі мәрте жеңіліс тапқан (1998, 2000). Ал 1991 жылы ғана осы турнирде топ жарған "МЮ" осымен үшінші мәрте финалға шығып тұрып жеңіліс тауып отыр (1999, 2008 және 2017).


Өткен маусымда "Реал" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған, ал "МЮ" Еуропа Лигасында жеңді.


"Реал" - "Манчестер Юнайтед" 2:1 (1:0)

Голдар: Каземиро 24 (1:0), Иско 52 (2:0), Лукаку 62 (2:1)

Ескертулер: Лингард 42, Карвахаль 84, Рамос 86, Рэшфорд 90.

"Реал": Навас, Варан, Марсело, Карвахаль, Рамос, Кроос, Каземиро, Иско (Васкес 74), Модрич, Бэйл (Асенсио 74), Бензема (Роналду 83).

"Манчестер Юнайтед": Де Хеа, Смоллинг, Линделеф, Дармиан, Валенсия, Эррера (Феллайни 56), Матич, Мхитарян, Погба, Лингард (Рэшфорд 46), Лукаку.

Төрешілер: бас - Джанлука Рокки, помощники - Давиде Масса, Массимилиано Иррати (все - Италия), қосалқы - Клеман Тюрпен (Франция).

8 атамыз. Скопье (Македония). "Филипп II" стадионы.


Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/football/2902/

Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі


 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 09.08.2017, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31