Футбол

"Реал" Роналдудың орнын басатын ойыншыны тапты

  • © Football.ua

    © Football.ua

Мадридтік "Реал" командаға келуі мүмкін ойыншылардың қысқа тізімін жасады, ал олардың бірі Криштиану Роналдуды алмастыруы мүмкін, - деп хабарлайды AS.


Тізімде алғашқы тұрған "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар. екінші - бразилиялықтың командаласы француз Килиан Мбаппе. Үшінші - "Челсидің" белгиялық жартылай қорғаушысы Эден Азар.


Басылымның мәліметінше, ПСЖ командасының екі ойыншының да келісімшарттан бас тарту төлемі белгіленбеген. Сондықтан Неймар мен Мбаппенің трансфері қиынға соғады.


Ал 5 шілдеде AS басылымы, Роналду туриндік "Ювентустың" жылына 30 миллион еңбекақы төлеу ұсынысын қабылдағанын хабарлаған болатын. Келісімшартты бұзу үшін италиялық команда "Реалға" 100 миллион төлеуге дайын. Алайда испаниялықтар бұдан көбірек сұрағысы келеді.


Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысқан болатын. Испаниялық клуб сапында Роналду екі рет ел чемпионаты мен төрт рет Чемпиондар лигасының үздігі атанған.  


vesti.kz




Көрілген: 252    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31