Футбол

"Реал" Зиданнан бас тартпақ

  • Сурет: Антон Денисов / РИА Новости

    Сурет: Антон Денисов / РИА Новости

Мадридтік "Реал" команданың бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кететін болса, оның орнына Германия құрамасының бапкері Йоахим Левті шақырмақшы. Бұл туралы испаниялық Don Balon басылымы хабарлап отыр.


Дереккөздің мәліметі бойынша, мадридтік команданың басшылары ұжымның қазіргі нашар көрсеткіштеріне алаңдап отыр. Бірақ клубтың президенті Флорентино Перес франциялық бапкерге сенеді. Дегенмен де президент қазірдің өзінде Зиданның орнын басатын маманды тауып қойыпты.


Перес Левпен келіссөздер жүргізіпті. Келіссөздің қорытындысы бойынша, неміс маманы келісімін берген екен.


Зидан "Реалдың" тізгінін 2016 жылдың қаңтар айында ұстады. Содан бері ол ұжыммен Испания суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты, екі рет Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Ал 2017/18 жылғы маусымда "Реал" Испания біріншілігінде оныншы орында келеді. "Карольдік клуб" қазір "Барселонадан 10 ұпай қалып тұр.


Лев болса 2006 жылдан бері Германия құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Оның бастамасымен Германия құрамасы 2014 жылы әлем чемпионатын жеңіп алды.


vesti.kz




Көрілген: 514    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 20.11.2017, 20:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31