Футбол

Роналду атақты Раульдің рекордын жаңартты

  • © heavy.com

    © heavy.com

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания біріншілігінің 11-турында "Лас-Пальмасқа" қарсы өткен ойында нәтижелі паспен көзге түсті. Осылайша, португалиялық шабуылшы "карольдік" клуб сапындағы 84-ші нәтижелі пасын берді. Бұл туралы "Чемпионат.com" порталы хабарлайды.


"Лас-Пальмасқа" қарсы өткен ойындағы нәтижелі пасынан кейін Роналду "Реалдың" даңқты шабуылшысы Раульдің рекордының мұртын бұзды. Испаниялық шабуылшы 83 пас берген. Бұл көрсеткіш "Реал" тарихындағы соңғы 25 жылдағы ең үздік нәтиже.


Айта кетейік, Роналду биылғы маусымда "Реал" сапында Испания біріншілігінде жеті ойынға қатысып, бір гол және екі нәтижелі пас берді.



Еске салайық, кеше "Реал" футболшылары өз алаңында "Лас-Пальмасты" қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде мадридтік клуб сапынан Каземиро (41-минут), Марко Асенсио (53-минут) және Иско (74-минут) гол соқты. Осылайша, "Реал" 23 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнир кестесінде үшінші орынға шықты.


vesti.kz


 


 


 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31