Футбол

Роналду "Реалға" қатысты нақты шешім қабылдады

  • ©  bigmir)net

    © bigmir)net

Португалия құрамасының ойнышысы Криштиану Роналду мадридтік "Реалдан" кету туралы соңғы әрі нақты шешім қабылдады, - деп жазады Record.


Мұндай шешімге испаниялық клуб президенті Флорентино Перестің ойыншымен жақсартылған келісімшарт жасасу туралы уәдесін бұзуы себеп болғаны хабарланып отыр. Қазіргі келісім 2021 жылға дейін жасалған. Бұл келісімді бұзу үшін бір миллиард доллар көлеміндегі төлем португалиялық футболшыға емін-еркін кетуге бөгет болып отыр.


Marca ақпараты бойынша, "Реалдың" бас директоры Хосе Анхель Санчес сейсенбіде футболшының агенті Жорже Мендешпен кездесу өткізіп, клуб футболшының сұранысын қанағаттандыра алмайтынын мәлімдеген.


Мұның алдында, Роналду еңбекақысы 75 миллион еуроға дейін көтерілсе, клубта қалуға дайын екені хабарланған. Қазіргі келісімшарт бойынша, ол жылына 21 еуро алады.


Қазіргі кезде футболшы салық бойынша алаяқтық күдігіне қатысты сот шешімін күтуде және клуб шығынын өтеуге демеседі деген үмітте болған. Ал клубтың басқа футболшыларға жаман үлгі болмас үшін форвардқа бұл жағдайда көмектеспейтіні айтылды.


Еске салайық, "Реал" 3:1 есебімен "Ливерпульді" ұтқан Чемпиондар лигасының финалынан кейін Роналду мадридтік клубтан кететіні туралы меңзеген. Кейін БАҚ-та футболшыға "Пари Сен-Жермен" клубы 45 миллион ұсынып отырғаны хабарланған еді.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30