Футбол

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Барселонаны" жеңді

  • © kff.kz

    © kff.kz

Кеше, 12 қыркүйекте шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында "Барселонаны" ұтты. Кездесу Шымкентте өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.


Бірінші таймның қосымша уақытында "Барселона" капитаны Алексия Путельяс өз қақпасына гол салды. 49-шы минутта угандалық Фазила Иквапут, ал 60-шы минутта Гүлнар Габелия испаниялықтар қақпасына үшінші гол салды салды. Алайда қонақтар барын салып, 66-шы минутта Тони Дагган допты шымкенттік команданың қақпасына дәл бағыттады.


Еске салайық, қарымта кездесу 26 қыркүйекте Испанияда өтеді. Бұл қарсыластықтың жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады.


Айта кетейік, 2015/16 маусымында "БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасының 1/16 финалында "Барселонамен" ойын өткізген. Ол кезде Шымкенттегі ойын есеп 1:1 болды, алайда, қыздарымыз қарымта матчте 1:4 есебімен ойсырай ұтылған еді.


"БИІК-Қазығұрт" соңғы екі маусымда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жетті, ал бұл қазақстандық клубтардың турнирдегі ең үздік көрсеткіші. 2017 жылы шымкенттік команда қазіргі чемпион "Лионға" есе жіберген (0:9, 0:7), франциялық команда атағын келесі маусымда да қорғап қалды. Ал 2016 жылы қыздарымыз финалға жеткен ПСЖ командасынан ұтылып қалған (1:4, 0:3) еді.


vesti.kz 




Көрілген: 120    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30