Футбол

Танымал футболшы Бауыржан Жолшиев қылмыс жасады

  • © baq.kz

    © baq.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының, Қазақстан суперкубогының иегері Бауыржан Жолшиев енді қылмыскер атанды, деп хабарлайды «Время» басылымы.


Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының бұрынғы ойыншысы 2016 жылдың күзінде өзінің «Мерседес» автокөлігін мас күйінде жүргізіп, көлік жүргізу куәлігінен үш жылға айырылған еді. Оған қарамастан танымал футболшы 2017 жылдың 3-ші сәуір күні көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан автокөлігін жүргізіп, Алматы қаласының жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.


Осы жолы Бауыржанға ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-шы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот ісі Бостандық ауданданының сотында қарастырылды. Бұл әрекеті үшін футболшыға 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы тиіс еді. Алайда судья Олжас Күренбеков қалталы азаматқа мұндай қаржы аз деп, оны 200 сағаттық қоғамдық жұмыстарға ауыстырған. Енді Жолшиев Алматы қаласының көшелерін тазаламақ.


ІІД қылмыстық атқарушы органдарының баспасөз қызметінің жұмысшысы Ғалымжан Қасенов:


- Сот үкімі күшіне енгенде іс материалдары Алматы қаласының мақұлдау қызметіне жөнелтіледі. Ал мақұлдау бөлімі істі қаланың әкімшілігіне жібереді. Әкімшілік спортшының қандай қоғамдық іске тартылатынын шешеді. Егер ол жұмыс істеуден бас тарса, оған хаттама толтырылып жазасы ауырлайды. Қарапайым сөзбен айтқанда футболшы бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.




 




Көрілген: 903    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.04.2017, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31