Футбол

"Уфаның" директоры Еркебұлан Сейдахметті қаншаға сатып алғанын жариялады

  • Шамиль Газизов пен Еркебулан Сейдахмет. Сурет

    Шамиль Газизов пен Еркебулан Сейдахмет. Сурет "Уфа" клубының ресми сайтынан алынды.

Ресейлік "Уфа" командасының бас директоры Шамиль Газизиов Vesti.kz порталының тілшісіне Еркебұлан Сейдахметті қаншаға сатып алғанын және қазақстандық шабуылшының негізгі құраманың сапында бірінші кездесуін қашан өткізетінін айтып берді.


"Сейдахметті біз еркін агент ретінде қатарымызға қосстық. Өйткені, ол ешқандай клубтың футболшысы емес еді. Ешқандай шығын болмады. Георгий Хутидиге (Сейдахмет тәрбиленіп шыққан "Монтажник" клубының негізін қалаушы - ред Vesti.kz) алғыс айтқым келеді. Ол Сейдахметке өз-өзін дамытуға және "Уфа" сапына ауысуға көмектесті.


Сейдахмет "Уфаның" негізгі құрамында жуық арада өнер көрсетуі мүмкін. Барлығы оның физикалық дайындығына байланысты. Соңғы жаттығу жиындарында ол кішігірім жарақат алып қалған болатын. Бірақ қазір өзін жақсы сезініп отыр. Енді ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, негізгі құрамға ілігуі куерек. Негізгі құрамға өту қиын болады", - дейді Газизов.


Бұған дейін ресейлік басылымдарда Сейдахметтің "Уфа" клубына тегін бұйырғаны туралы жазылған еді. Сейдахметтің "Уфа" сапына ауысқаны туралы ресми 12-ақпан күні белгілі болды. Ресейлік клуб қазақстандық шабуылшымен ұзақ мерзімге келісімшарт жасаған. "Уфа" клубы отандасымызды оныншы нөмірмен тіркеді.


Еске салайық, Сейдахмет "Уфаның" мәскелік "Динамо" клубына қарсы өткен ойынына (1:1) қатысатын футболшылардың қатарына қосылды. Бірақ қазақстандық шабуылшы алаңға шықпады.

 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 21:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31