Футбол

"Ювентус" бірінші ойында "Реалдан" ойсырай ұтылды

  • © Reuters

    © Reuters

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойындар өтті. Туринде "Реал" "Ювентусты" 3:0 есебімен сан соқтырса, "Севилья" өз алаңында "Баварияға" есе жіберді.


"Ювентус" жанкүйерлері Роналдуға құрмет көрсетті


Мадридтік клуб алаң иелерін ойсырата ұтты. Криштиану Роналду 3 минутта-ақ гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймда португалдық шабуылшы дубль жасады. Оның асқан шеберлікпен шалқалай тепкен добы Буффон қорғаған қақпаның торында тулады. Жергілікті жанкүйерлер Роналдудың шеберлігіне қол соғып, құрмет көрсетті. Футболшы да алғысын білдіріп, ризашылық танытты.


66 минутта "Ювентус" сапынан Паоло Дибала қызыл қағаз алғаннан кейін корольдік клубтың ойындағы басымдығы арта түсті. 72 минутта Роналдудың тамаша пасынан кейін Марсело алаң иелері қақпасына үшінші голды соқты. Ойын соңында Матео Ковачичтің тепкен добы қақпа бағанына тиіп, биік кетті.


"Бавария" басымдығын байқатты


Испанияның "Севилья" клубы өз алаңында "Бавариядан" ұтылды. Ойында қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.


Бірінші болып алаң иелері сапынан 31 минутта Пабло Сарабия есеп ашқанмен, араға 6 минут сала Хесус Навас өз қақпасына гол соғып алды. Ал 68 минутта Тьяго Алькантараның баспен соққан голы мюнхендік командаға жеңіс сыйлады.



Сәрсенбінің кешінде ширек финалдағы тағы екі ойын өтеді. "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити", "Барселона" мен "Рома" кездеседі.


Ширек финалдың қарымта ойындары келер аптада өтеді. 


vesti.kz




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.04.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31