Сен тұр - мен айтайын!

"37 жылы қазақ зиялылары бірін бірі көрсеткен, бәрі содан атылып кеткен" деген қате пікір

  • "37 жылы қазақ зиялылары бірін бірі көрсеткен, бәрі содан атылып кеткен" деген қате пікір

Ел ішінде "37 жылы қазақ зиялылары бірін бірі көрсеткен, бәрі содан атылып кеткен" деген әңгіме бар. Қате пікір. Советтік террорды зерттеген еуропалық және ресейлік тарихшылар "доностың" әсері ары кетсе 0,5 пайыз болған деген тұжырым жасапты. Бәрін Сталин және Саяси бюро мен НКВД ұйымдастырған.


Былтыр Мәскеуде "Алашорданың" 100 жылдығы туралы деректі фильм түсіріп жүріп, алаштанушы Дина Аманжоловадан "Сіз Алаш тарихына ресейлік архив деректері негізінде де көп үңілесіз. Қазақ зиялылары мен Қазақстанды басқарған тұлғалардың Сталинге жазған доносы басқа халықтан көп дейді, сол рас па?" деген сұрақ қойдым. Дина Ахметжанқызы: "Осы сұрақты Ресейдегі ең мықты сталинтанушы (аты-жөнін ұмытып қалдым, таспаға жазылмапты) ғалымға қойып көрдім. Ол кісі "Сталинге барлық республикадан ағылып-төгіліп донос келіп жатқан, ана халық көре алмаушы, мына халық арлы деген жаңсақ пікір деп жауап берді" деді. Бәрі Сталин арқылы ықпалға таласқан дейді.


Соған қарағанда, қазақты "көре алмаушы, бірін бірі көрсеткіш" деп кіналаудың қажеті жоқ. Террорды ұйымдастырған Сталин мен НКВД және оның жергілікті құйыршықтары.


Әрине, донос болған, оны ақтаудың еш реті жоқ.


Болат Мүрсәлім

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 14:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31