Сен тұр - мен айтайын!

9 жылдан соң бірінші әйелі келіп тыныштық бермей жүрген көрінеді

  • 9 жылдан соң бірінші әйелі келіп тыныштық бермей жүрген көрінеді

    9 жылдан соң бірінші әйелі келіп тыныштық бермей жүрген көрінеді

Кейбір келіншектер кішкене ғана тұрмыстық қиыншылықтарға шыдамай, балаларын күйеуіне тастап, ажырасып "сериалдағыдай әдемі өмір" іздеп кетіп, одан жалыққан соң бұрынғы отбасына неге қайтып оралғысы келеді екен? Және күйеуі екінші рет отбасылы болып немесе "жалғыз" өзі балаларымен бақытты өмір сүріп жатса жаздым жаңылдым деп келіп неге шырқын бұзады екен? Сынған ыдыс қайта желімдене ме? Жоқ. Желімденгеннің өзінде сынған орны қалып қояды ғой. "Жүректе" сол сияқты, кешірдім дегенмен бәрібір тыртық қалып қояды. Бәрібір бір өкініш болады кеудеде.

Кеше бір досымның екінші әйелімен ватсаппен сөйлескенбіз. Досымның бұрынғы әйелі "әй-әй" өмір іздеп, балаларын "отказной" жазып күйеуіне тастап басқаның соңынан кеткен болатын. Сол уақыттағы оның жан қиналысына өзім куә болғанмын. Алды екіде, соңы 3 айлық еметін баланы қалай қараймын деп қиналған. Әйелін балалары үшін қайтып келер деп күтті, бірақ көргенсіз қатын, безбүйрек ана сотқа бірақ келіп, заңды түрде балаларынан бас тартып, ажырасып кете барды. Бірақ, шүкір, анасы, апасы, қарындастарының көмегімен балаларын өсіріп жұмысын жасады. Үйленбейсің бе дегенімізде: қорқамын, тағы да алдап кетсе - деп жүріп араға 7 жыл салып балалары барған мектептің мұғалімімен отау құрды. Енді 9 жылдан соң бірінші әйелі келіп тыныштық бермей жүрген көрінеді. Жаздым-жаңылдым деп. Өзі туған балаларын осы уақытқа дейін бір ретте іздеп келмеген соң балалары оны танымайды да. Ал ол келіншек балаларын кері алғысы келеді екен. Бұрын қайда қалды деймін де. Жүре бермеді ме екен "әй-әй" өмірдің соңынан. Бұрын ер-азаматтарымыз басқамен жүрді дегенді еститін едік, қазір керісінше болып, ештеңеге таң қалмайтын болдық. Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді. Қыз бұзылса-ұлт бұзылады деген,келіншектер: барға қанағат, шүкір қылайық.

Сен туып, ештеңеге қарамай бас тартып тастап кеткен баланы басқа біреу аңсап, туа алмай жүр.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2671    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30