Сен тұр - мен айтайын!

Cалт-дәстүрден айрылсақ Қазақ болудан қаламыз ба деп қорқамын

  • Cалт-дәстүрден айрылсақ Қазақ болудан қаламыз ба деп қорқамын

    Cалт-дәстүрден айрылсақ Қазақ болудан қаламыз ба деп қорқамын

Біздің жақта қаза кезінде жақын ер адамдары үйдің алдында таяқ ұстап тұрады. Келген адамдар дауыс шығарып, келіп құшақтап көріседі де, үйге кіріп әйел адамдармен көрісіп, көңіл айтады. Бала кезімізде ақсақалдардың алыстан айғайлап "ағатайым ау, бауырым ау" деген дауыстары құлақта қалып қалған екен.. Осы таяқ ұстау тек Шығыс қазақстанда, соның ішінде бүрынғы Семей облысында ғана барма деп қалдым..


Апам қайтыс болғанда мен 13 жастағы бала едім, ағаларыммен бірге таяқ ұстап, жылап тұрдым... Рамазан деген атамыздың аттың бауырына жығыла, дауыс қойып келгені әлі көз алдымда. Осы ат қойып, жылап келу бар қазақта бұрын бар емес пе еді?


Қәзір қалада адам қайтқан үйлерге барғанда осы салт-дәстүрдің бірін де көрмей біртүрлі қоңылтақсып қайтамын. Әйел адамдары құр ойбайлап жылайд, жоқтау айтуды тек үлкен әжелер мен апалардан ғана естиміз. "Қазақ әлмисиққа дейін қазақ болып қалу керек" деп айтқан екен кезінде Әлихан Бөкейхан. Қазақтың салт дәстүрлерінің керемет пәлсапалық мәні бар ғой.


Бұрында жанынан шығарып жоқтау айта алмайтын қыз келіншектерге үлкендері шығарып беретін болған ғой. Абай атамыз да талай жоқтаулар шығарған кезінде.. Негізі салт-дәстүрден айрылсақ Қазақ болудан қаламыз ба деп қорқамын..


Сіз қалай ойлайсыз??


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31