Сен тұр - мен айтайын!

Cен мені алмайсың, сен маған тиесің еркек басыңмен – деді байдың қызы

  • Cен мені алмайсың, сен маған тиесің еркек басыңмен – деді байдың қызы

    Cен мені алмайсың, сен маған тиесің еркек басыңмен – деді байдың қызы

Астанада байдың қызын алғаннан,тиген оңай


Астанада үмітің балғамен,арманың балта,тістеуік пен байланысып жатады. Кей кезде өгіз мініп отың тасығың келеді. Кей кезде ат мініп қой баққың келеді. Астана бейнеттің қаласы. Мұқтаждықтан,жоқшылықтан қолыңа балға,балта,тістеуік ұстайсың. Бейнетсіздік Астанада аштан өлтіреді. Астанада бейнетсіз өмір сүретіндер аяқтары аспаннан салбырап түскен,көпшіліктің асына тік қасық болған халық қалаулылары шығар,жиналыс сайын ұйқтап отыратын. Олардан басқа адамдар таң атқаннан кеш батқанша,жұмыс деп,омақаса жығылып,омақаса құлап жатады. Астанада құрлыс жұмысын кәсіп еткен бір қауым ел бар,сол елдің арасында менде күнделік нанымды тауып жеп,өлместің күнін көрем. Бүгін алланың берген ырыздық,жеміне бөгіп жүрген,мол дастарқанын жәйіп барлықтан шалқып жүрген бір байдың үйіне батысша әрлеу жұмыстарын жүргізетін болдым. Жұмыс барысында менің назарымды бөле берген,жүрегіме үкім - билігін жүргізе бастаған,жүрегімді сұлулығының арқасында өз қалауымен басқара бастаған байдың қызы еді. Астанада жалдамалы үйде тұрып жатқан жігіт үшін байдың қызы қол жетпейтін баспана,жеткізбейтін арман . Құрлыста жүріп соншалық әдепсіз соншалық тұрпайы боп кеткем. Ауыр жұмыс адамды қажытады,шаршатады.боқтамай іс бітпейді..байдың қызы үшін барынша әдепті,барынша сыпайы болуға тырысамын. Сөйлесе жүріп байдың қызының жүзіне күміс толқын ойнатып,шапақ атқан қызғылт нұр жүгіртіп жүрегін баурадым,жүрегін жауладым.... серідей сәнді,дәнішпандай мінезді,хор қызындай көрікті байдың қызының басын айналдырыу мен секілді жаман құрлысшыға аспаннан алтын жауғанмен бірдей. Сонымен араласа жүріп айырылыспастай өмір сүруге келісті.енді егіз қозыдай тату - тәтті күн кешеміз. Мен басында бөркі бар ержігітпін. Ар - намысы бар ермін,ез емеспін. Байдың қызына сені аламын дедім ерленіп.

-Мен жуандармен,асқақтармен алыс - беріс жасаймын,сенің сиыр қора секілді жатағыңда, мен қалай олармен алыс - беріс жасаймын. Мен мәнсаптыларға,атақтыларға өз қолымнан дәм - тұз татырам,басымызда баспана жоқ, Есілдің жағасындағы көр тышқанның ініне апарып оларға дәм - тұз татырам ба? Ешқандай шарт - жағдайың жоқ, сен мені алмайсың, сен маған тиесің еркек басыңмен – деді байдың қызы.

Ен салып, меншіктеп жер алайын деп құжаттарымды өткізгеніме он жыл, кезек әлі жылжымады. Жердің жарығын бітердей тынымысз еңбек етсемде алақандай жерге қолым бір жетпеді. Жер алып, үй салмаған ер жігіттің, баспанасыз ержігітің қыз алдында кесік құлақ күңдей күңкілдегеннен басқа не келсін қолынан. Қыздың сөзі кесімді сөз. Астанада байдың қызын алғаннан,тиген оңай.мен осылай бір қызға тиіп,ұзатылып кеттім.


Женисхан Асылханулы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30