Сен тұр - мен айтайын!

Абайды көзі тірісінде-ақ исі қазақтың кемеңгер тұлғалары мойындап үлгерген

  • Абайды көзі тірісінде-ақ исі қазақтың кемеңгер тұлғалары мойындап үлгерген

    Абайды көзі тірісінде-ақ исі қазақтың кемеңгер тұлғалары мойындап үлгерген

“Абайды Абай еткен - Әуезов” деген көзқарас шамасы Кеңес одағының идеологисына байланысты туындаса керек. Кез-келген тұлғаны “кедей отбасында өмір есігін ашқан...” деп таныстыратын Кеңестік саясат үшін “Әуезовтың кітабы болмағанда Аға сұлтанның ұлы, байдың баласы дәнішпан болмауы керек еді...”

Абайды көзі тірісінде-ақ исі қазақтың кемеңгер тұлғалары дәнішпан екенін мойындап үлгерген. Мәшһүр Жүсіп те, Шәкәрім де, Жамбыл да. Одан кейінгі Алаш көсемдерінің мақалалары да бұған дәлел.

Абай арғы-бергі тарихта ешкімнің (жеке тұлғаның) көлеңкесінде жетілмеген, бүкіл әлемдік философияның бастауынан нәр алған, жарық жылдамдығындай сана сәулесі барлық өркениет пен мәдениетті көре білген, шығыс пен батыстың поэзиялық ілімін қасиетті далалық тамырына дарытып, сіңіре жайқалған бәйтерек. Ол Әуезов жазған кітапсыз-ақ ұлттың ұлы ұстазы, ғұлама ойшылы. Керісінше Әуезовке ұлы Абай тағылымы әсер еткен.

Мұнда ұлы жазушыны төмендетіп отырған жоқпын. Шыны керек, Бірақ, “Абайды Абай еткен - Әуезов” дейтін жаттанды сөздің ары жағында “Әуезов болмағанда Абай болмас еді” деген қисынсыз ой тұрған жоқ па?!


Қайсар Қауымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 856    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30