Сен тұр - мен айтайын!

Абайлаңыз, Сіз адамдарға өмір сатып алып бере алмайтыныңызды білесіз бе?!

  • Абайлаңыз, Сіз адамдарға өмір сатып алып бере алмайтыныңызды білесіз бе?!

    Абайлаңыз, Сіз адамдарға өмір сатып алып бере алмайтыныңызды білесіз бе?!

ЖЫЛДАМДЫҚ


Қасым жылдамдығын азайтпас бұрын спидометрге қараса өзінің 70 км\с жүретін жолмен 90 км\с жылдамдықпен жүріп келе жатқанын білді. Оны соңғы үш айда МАИ қызметкері бес рет тоқтатқан еді.

Ол дереу тежегішті басып, жылдамдығын азайтып болғанша Алатаяқты аға баяғыда-ақ белгі беріп қойған болатын. Оған әбден таныс болған Алатаяқты ағаны көргенде жол ережесін бұзғаны үшін үнемі салынатын айыппұлдан зәрезап болған Қасым кабинасынан атып шықты. Оның аузынан:

-Ассалаумағаликум аға, өте асығыс шаруа шығып үйіме бара жатыр едім, кешіріңіз-деген сөзде еріксіз шығып кетті.

Оның сөзін селқос тыңдаған орта жастағы Алатаяқты аға:

-Машинаңа кіріп отыр деп бұйырды.

Қасым үндемей ғана машинаға отырды да кабинасын жауып алды. Алатаяқты аға қолындағы дәптеріне бірнәрселерді асығыс жазып жатты. Ал Қасым «Енді менің жүргізуші куәлігімді сұрайды» деп ойлап отырды. Алатаяқты аға жақындап келгенде Қасым кабинаны ашып «Қанша айыппұл салды екен?» деп қынжыла ойлады. Алатаяқты аға Қасымға бір бет қағаз ұсынды да, бұрылып жүре берді. «Айыппұл емес екен» деп ойлаған Қасым қуанып кетіп қағазды тез-тез оқи бастады. Қағазда:

«Қасым інім! Мен саған айыппұл сала-сала шаршадым. Сен менің жазғаныма назар сал. Менің сүйкімді қызым бар еді. Оны аса жылдам келе жатқан машина қағып кетті. Апат жасаған тізгінші 6 айға ғана түрмеге жабылып, қамаудан шыққан соң өз балаларын құшақтап сүйіп жатқанын көрдім. Бірақ... мен қызымды еркелетіп құшақтау бақытынан мәңгілік айырылып қалған болатынмын. Ол жүргізушіге кешірім беруді көп ойладым, кешіріп те қойдым деп ойлаймын. Бірақ қызым бір сәт ойымнан шыққан емес. Қасым бауырым! Осыдан былай байқап жүрші, өтінемін. Енді менде жалғыз ұлым ғана қалды...»,-деп жазылыпты.

Қасым біраз уақыт аңырып отырып қалды. Сосын машинасына от алдырып баяу жүріп отырып үйіне жетті де, ұлы мен қызын ыстық құшағына алды...

Абайлаңыз, Сіз қалаған машинаңызды сатып алсаңыз да адамдарға өмір сатып алып бере алмайтыныңызды білесіз бе?!.


Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 806    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30