Сен тұр - мен айтайын!

Адамдарды жек көрмеу үшін. оларды түсініп, оларды аяп үйрену керек

  • Адамдарды жек көрмеу үшін. оларды түсініп, оларды аяп үйрену керек

    Адамдарды жек көрмеу үшін. оларды түсініп, оларды аяп үйрену керек

ЖАҚСЫ КӨРУ мен ЖЕК КӨРУ


Мінезі, қылығы, саған жасаған жақсылығы мен жамандығына қарамай барлық адамдарды жақсы көру мүмкін бе? ЖАҚСЫ КӨРУ деп аты айтып тұрғандай қандай жағдай болмасын тек ЖАҚСЫЛЫҚ жағын ғана КӨРУ деген сөз бұл. ЖЕК КӨРУ де аты айтып тұрғандай ЖАМАН жағын ғана КӨРУ. Ал шын мәнінде ЖАҚСЫ КӨРУ алдымен сенің өзің үшін пайдалы екен. Өйткені ЖАҚСЫ КӨРГЕН кезде сенде үміт, қуаныш, рахат сезімі, яғни миыңда ДОФАМИН деген бақыт гормоны пайда болады. Көңіл күйің көтеріліп, істеген ісің оңға баса бастайды.



Ал ЖЕК КӨРГЕН адамда үрей мен қорқыныш сезімдері, яғни мида КОРТИЗОЛ деген үрей гормоны, БАҚЫТСЫЗДЫҚ гормоны бірден пайда бола бастайды. Көңіл күйің түсіп, бастаған ісің кейін кете бастайды.



Адамдарды жек көрмеу үшін. оларды түсініп, оларды аяп үйрену керек. Олар сондай жаман қылықтар істегені үшін өздері кінәлі емес: Тектері мен ортасына кінәлі. «Мазлұмға жаның ашып ішің күйсін, қарекет қыл пайдасы көпке тисін». Абай. «Мазлұм» жаман адам. Сол кезде жаман қылық істеген адамды ЖЕК КӨРМЕЙ, оның орнына ЖАНЫҢ АШЫП, АЯП үйренесің. Тек сонда ғана барлық адамдарды жақсы көріп бастайсың екен. Өзім сынақтан өткізіп жүрмін. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп». Абай Бір бірімізді қандай жағдай болса да ЖАҚСЫ КӨРІП үйренейік. Ол өзімізге жақсы!


Құрметпен Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31