Сен тұр - мен айтайын!

Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

  • Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

    Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

ӨМІР САБАҚТАРЫ


Шебер бір суретшінің оқушысы өз оқуын тәмәмдапты. Оқуын тәмәмдаған оқушысына ұстазы былай депті: "Ең соңғы салған суретіңді қаланың ең көп адамдар жиналатын алаңына қойып қой. Суреттің қасына да бір қызыл түсті қалам қой. Адамдарға суреттің ұнамаған жерін сызып қойюын өтініп бір хат қалдыр", депті ұстазы. Оқушы ұстазының айтқанындай жасап болып, бірнеше күннен кейін суретті көру үшін алаңға барады. Адамдар суретті қып қызыл сызып тастағанын көреді де адамдарға ренжіп ұстазының жанына жылап барады. Ұстазы оған ренжімей сурет салуды жалғастыруына кеңес береді. Оқушы тағы да сурет салыпты. Ұстазы тағыда адамдар көп жүретін алаңға апарып қоюын айтады. Бірақ бұл ретте суреттің жанына бір құты толған түрлі түсті қалам қоюын және ұнамаған жерлерін өздері салуларын өтініп бір хат тастауын айтады. Оқушы ұстазының айтқанын жасайды. Бірнеше күннен кейін келіп қараса сурет баз баяғы қалпында тұр екен. Қуанып ұстазына барыпты. Ұстазы сол кезде былай депті:

«Бастапқыда, адамдарға мүмкіндік берілгенде қаншалықты аяусыз сынға алатынын көрдің. Өмірінде мүлдем сурет салып көрмеген адамдардың өзі сенің суретіңді қызылмен бояп тастады. Екіншісінде, адамдардың жағымды, мейірімді және өз өнерін көрсетуін қаладың. Өнерлі болу үшін білім керек. Адамдар суретті түзелтуге жігер таныта алмады»

- Өмірде де дәл сондай, адамдарға мүмкіндік берген кезде сізді аямайды. Сынайды. Бірақ олар сіздің жасағаныңыздың біреуін де жасай алмайды. Ешқашан берілмеңіз. Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз.


Нұрбол Бакиров

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.01.2018, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31