Сен тұр - мен айтайын!

Адамның көңіліне қарамайын демейсің, бірақ сөзіне қарасаң, күйіп кетесің...

  • Адамның көңіліне қарамайын демейсің, бірақ сөзіне қарасаң, күйіп кетесің...

    Адамның көңіліне қарамайын демейсің, бірақ сөзіне қарасаң, күйіп кетесің...

...Әжептәуір бір кісі келді, жасы 75-ке келіп қалған. Көкшетаудағы бір көшенің қазаққа жат әлдекімнің атында екеніне қынжылып, мақала жазыпты. Өзі гемотолог-дәрігер, әйелі невропатолог. Жеке клиникасы бар екен. Қан аурулары мен невралгиялық ауруларға шалдыққан науқастар Қазақстанның түкпір-түкпірінен барып емделетін көрінеді. Айтуынша, емдеу әдістері ерекше. Бірақ не шәкірті жоқ, жасы болса келіп қалған. Демек бар білімі, қатерлі ауруларды емдеу тәсілінің қыр-сыры өздерімен кетеді деген сөз. "Көшенің атын әркім де айтып жатқан шығар. Одан да неге осы өз салаңыз бойынша бірдеңе айтып, жазып, әдіс-тәсілдеріңізді таратпайсыз?" десем, "Ол - менің ашқан жаңалығым, оның қыр-сырын ешкімге айтпаймын. Талай адам білмек болған. Білсе, өз атынан жариялап жібереді сосын" дейді. "Шынымен де керемет әдіс, тың тәсіл болса, неге патент алмадыңыз? Жаңалығыңызды өз атыңыздан тіркетіп, сосын оның игілігін бүкіл ел көрсе, ең абзалы сол емес пе еді?.." деймін ғой баяғы. "Оны да көрдім кезінде. Ешкім жолатпады, ешкімге керек емес. Ал қазір жасым келіп қалды, маған ондай әуренің керегі жоқ" дейді... Өзі алдында әлемнің қанша елінде қанша уақыт демалғанын, қайда қыдырғанын, балаларының шетелде білім алғанын, біразы қазір сонда тұрып жатқанын айтқан. "Сіз мұны емес, "мынандай керемет жаңалық аштым, ол қазір әлемде, елімізде жаппай қолданысқа еніп, мұншама нәтиже берді, мынандай-мынандай орталықтар ашылды, бұл тәсілді мұншама маман игерді" деп мақтансаңыз, әлдеқайда орынды болар еді..." дедім. Адамның көңіліне қарамайын демейсің, бірақ сөзіне қарасаң, күйіп кетесің... Мысалы, осы кісі... өз кәсібіне байланысты қажымай-талмай ізденсе, айтатынын айтып, жазатынын жазып, білгенін үйретсе және оны қызғанбаса, қаншама сауапты іс істеген болар еді!.. Біз неге сондаймыз осы: өз орнымызды білмейміз... Нағыз майдан басқа жақта. Ал біз басқа жақта шабыламыз да жүреміз...


Роза Қараева,

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 984    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 06.10.2017, 12:27

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30