Сен тұр - мен айтайын!

Адамның көзі мен құлағы тек қана жамандыққа елеңдеп қалғасын санасында да жамандық ұялайды

  • Адамның көзі мен құлағы тек қана жамандыққа елеңдеп қалғасын санасында да жамандық ұялайды

    Адамның көзі мен құлағы тек қана жамандыққа елеңдеп қалғасын санасында да жамандық ұялайды

 Бұрынырақта теледидардан жаңалықтарды қараушы едім, қазір қойдым. Анда атып кетті, мында зорлап кетті, дауыл жайпап кетті, сел алды, сəбиін дəретханаға тастап кетті, қысқасы - тұнған негатив. Төбе шашың тік тұрады! Мен сияқты эмоцияның адамына - тікелей жететін стресс. Отыр, содан кейін кеудеңді жара өрекпіген жүрегіңді қолыңа алып. Болмай бара жатса, валерианка мен пустырникті қосып ішіп ал:) Басқа қолыңнан не келеді?

Баяғыда əжем марқұм: "Қой құрсын, өзімен кетсін, бəлесінен аулақ! Тыңдама жаман сөзді!" деп, бір-бірінің шашына жармаса жұлысып жатқан екі əйелдің жанынан аулаққа сүйрей жөнелетін. Сөйтсек, құлағы мен көзі жамандыққа көндікпесін дейді екен ғой. Бала емеспіз бе? Бізге қызық керек. Қайсысы жеңер екен деп күтіп тұрамыз. Екі кештің арасында көрші əйелдің шəңкілдеген даусы шықса болды, елең ете қаламыз да, бірдеңеден құр қалғандай ентелеп жетіп барамыз. Əлгі ұрыстың эпизоды көпке дейін көз алдымызда көлбеңдеп тұрып алады. Ең жаманы - естіген кейбір сөздерді біреуге ренжи қалсаң айна қатесіз қайталап жібересің.

Айтпағым - жұртты күйзелткеннен басқа көк тиын пайдасы жоқ осындай жағымсыз хабарларды теледидардан несін көрсетеді екен деймін? Көрермендер де бала боп кеткендей. Жағымсыз ақпаратқа елең ете қаларын қайтерсің?

Адамның көзі мен құлағы тек қана жамандыққа елеңдеп қалғасын санасында да жамандық ұялайды. Санаға сіңген жағымсыз сезімнің жуғарақпанда қайта қояры қиын-ау!

Жаман ақпаратпен - көзін, жаман хабармен оразасын ашып, жүйкесі жұқарған елге "жақсы əрекетте болмайсыңдар" деп өкпе арту бекер шығар.


facebook.com




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

жұма, 21.09.2018, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31