Сен тұр - мен айтайын!

Адамзат барған сайын адами болмыстан алыстап бара жатқандай

  • Адамзат барған сайын адами болмыстан алыстап бара жатқандай

    Адамзат барған сайын адами болмыстан алыстап бара жатқандай

Қай-қайдағы бір жабайы ой билеп, жабырқайтынды шығардым. Кейде бар ғой... өлгенше мас боп алып, би алаңына шығып кеткім келеді!)

Адамзат барған сайын адами болмыстан алыстап бара жатқандай. Адамдар арасындағы «тірі» қарым-қатынас шалажансар күйге түсіп, суррогат әрекет қалыптасты: ғаламтор, вацап, СМС, тағы немене еді? Тіпті телефон арқылы «халің қалай?» деуден қалып барамыз. Даусымызды сағынуға уақыт жоқ. Тетікті баса салып, дайын лебізді немесе открытканы жібере саласың, құда да тыныш, құдағи да тыныш. Енді біршама уақыттан соң «ақылды» смартфонның бетіне қарап көзіңді қысып қалсаң болды: «қам жемеңіз, әжесі, немереңізге құлтемір бесік жырын айтып жатыр!» деп, ар жағынан үзіліп-созылып, жаңғырыға шыққан ғарыштық дауыс әндетіп тұратын шығар.

Жастар үшін қам жемеймін. Жаңалық атаулыны шетінен қақшып алып, талғамастан қылғытуда. Ал мен сияқты қартаң жандар қайтпек? Құрғай бастаған ми радиоактивтік жылдамдықпен зымыраған өркениет босағасынан сығалауға қауқары жетпей, технологиялық төңкеріс пен жаңаша ойлау дизайнінің бірін қабылдаса, бірін қабылдай алмай, бағытынан адасып, ақша мен компьютерлік технология билік құрған заманда тозақтағы періште боп сорлап қалса ше? Ондайлардың қоғамға қажеті шамалы. Жақын-туыстарына артық салмақ. Құдай сақтасын! Өзім мұндайдан алыспын деп миығынан мырс ететіндер табылары анық. Күл, күл! Əлі-ақ күлкің осылар! Танаға туған күн бұзауға тумайды деп кім айтты? Ерте ме, кеш пе, кімнің болмасын, белі бір бүгілері хақ. Ал өмірдегі өзгеріс уақыттың өзін басып озғысы келіп өршелене түседі. Бүгінгі білім - ертең жарамсыз. Сонда адам өмірінің ақырына дейін толыққанды тұрмыс кешуі үшін өле-өлгенше жетіле беруі керек пе?

Мына заман қайда барып тоқтайды?


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 931    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 02:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31