Сен тұр - мен айтайын!

Адамзат тырналардың ішкі заңын да қабылдай алар деңгейге жетсе екен

  • Адамзат тырналардың ішкі заңын да қабылдай алар деңгейге жетсе екен

    Адамзат тырналардың ішкі заңын да қабылдай алар деңгейге жетсе екен

Тырналардың табиғатына таңданам. Адамзатқа биік әрі неғұрлым алысқа ұшу үшін үшбұрыштап қалықтау керектігін үйретті. Көбі осы қасиетін ғана білетін болар. Мені тәнті ететіні – олардың ұйымшылдығы. Ұйымшылдығы да емес-ау, ішкі заңы. Бір топ тырнаны жетелеу үшін ірі құстар алдын ала дайындалады екен, оған жол білетіндері, ерік-жігері мықтылары ғана шыдас бере алады. Ал сол жол-бастаушы шаршағанда қалай болады? Орнына кім келеді? Біздің, яғни адамзаттың қалыптасқан заңында соның артындағы немесе қонышынан басса, баласы келе қалады. Ал тыраулап ұшқан тырналарда ең соңындағысы келетін көрінеді. Ол ең соңында күш жинап қана қоймай, алдағының бәрін бақылай алады.

Тырналардың қалықтаудағы қасиетін алған адамзат ішкі заңын да қабылдай алар деңгейге жетсе екен. Сонда соңынан еріп келе жатқан балаларды «мұрынбоқтар» деп емес, ертеңгі көшбасшылар деп қабылдаушы еді. Кез келген көшке, биіктеуге, самғауға әуелден дайындар еді.

Мәселенің шешу жолын ұсынбасаң, оны көтеріп те қажеті жоқ. Анық ұстаным. Осыдан тура он жыл бұрын балалар тақырыбын таңдап, сол ізге түскім келгенін бір ардагер журналиске айттым. Сонда ақсақал маған: «Әне, «Пионерге» барсаңшы, «Балдырған» бар, қоймай жаза бер, әйтеуір бір кезде қалыптасасың», - деді. Айтқанын орындайтыныма уәде бердім. Бірақ мен сол кезде бармадым, айтқанын орындамадым. Керісінше ересектерге арналған басылымдарға бардым. Неге екенін білесіз бе? Сол сәтте өзіме: «Бұ басылымдарға керісінше қалыптасып барып бару керек. Үздік, қатесіз, мөлдір, тұнық жазу қажет. Өйткені бала санасында елек жоқ. Сия қалай түссе, солай қабылдайтын ақ қағаз ғой», - дедім.

Содан бері ойымда жүрген дүние еді. Сол сәттегі ақсақалға берген сөзімде тұрдым, араға он жыл салсам да орындадым. TV-ғы журналистер жаңа маусымға дайындалады ғой. Менің де осы күзге дайындағаным еліміздің көшін ертең бастайтын балаларға арналған жобам болды. Тап-таза шығармашылық жоба, шындығына келгенде жанашырлық дегенім дұрысырақ шығар. Ірі тапсырыстардан бас тартып, орындап отырмын. Қалт кетпеуге тырысып келем, бала санасына қиындау тиетінін байқасаңыз, сіз де айтыңыз, бірге болайық. Балалардың санасына бірге бойлайық.

Көшбасшылар тек алда ғана болмайды, бұл тырналардың табиғатына ғана емес, адамдардың болмысына да тән.

Және бір өтінішім, балаларға оқып беріп, сын-пікірін жазсаңыздар, ерекше алғыс айтар едім. Жалғастыруға тұратын дүние ме, жоқ па білгім келеді.

Мархабат: zhasorken.kz


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30