Сен тұр - мен айтайын!

Әдемі киім алу керек, Алматыда бәрі киіміңе қарайды

  • Әдемі киім алу керек, Алматыда бәрі киіміңе қарайды

    Әдемі киім алу керек, Алматыда бәрі киіміңе қарайды

Мәскеуде адамдар қарапайым киінеді. Бірде елге демалысқа бара жатқан құрбым айтады: «Әдемі киім алу керек, Алматыда бәрі киіміңе қарайды».

Таяуда Мәскеуде он жыл тұрған құрбымыз елге кетті. «Елде қалуға тырысам» деді. Бірақ «Үйрене алмай, Мәскеуге қайтып келем бе?» деген қорқынышы да жоқ емес. Он сегіз жасында Мәскеуге келген ғой. Осында екі оқу орнын бітірді. «Біздің елде қарапайымдылықты аса бағаламайды екен. Орыстар адамның қарапайымдылығын жоғары бағалайды ғой. Білмеймін, Мәскеуде оқыған адам қандай болу керектігін, маған «сен Мәскеуде оқыған адамға ұқсамайсың, тым қарапайымсың» дейді. Бізде жақсы киініп, өзін жоғары ұстап, адамдарды менсінбей тұрғандарды бағалайды екен» деп ренжиді. Оның сөзінде шындық жоқ емес.

Біздің топта тоғыз орыс қыз-жігіт болды. Соның сегізі Мәскеуде туып-өскен. Қарапайым, қарабайыр мысал айтайын. Тобымызда өте сұлу, модель секілді қыз болды. Шынын айтқанда, білімі таяз еді. Соны топтағылар «мүйіздеп» тастайтын. «Сендерге ол ештеңе істеген жоқ қой» десем, «Ол білімсіз ғой» дейтін. Ол қыздың сұлулығын ешкім қызғанбайтын, «мынаның сұлуын-ай» деп ерекшелемек тұрмақ, онымен ешкім жақын араласпайтын. Себебі, олар оның магистратурада оқып жүргенін қабылдамайтын, әділетсіздікке қарсы еді. Байқағаным, мұнда адамды сыртқы сұлулығымен, киімімен емес, білімімен, талантымен, потенциалымен бағалайды. Оқытушылар да ол қызды қатты қинайтын. Әрине, ол қыз өзінің сұлу екенін білетін, емтиханға тырыстырып, әдемі киініп келетін. Оқытушыларға ұнауға тырысатын. Көзін ойнатып отырса да, ер оқытушылар емтиханда құлатып жіберетін. Мінезі жақсы еді. Сол қыздың суретін қазақ құрбыма көрсетсем, «мына қыз біздің елде өмір сүрсе, жақсы өмір сүрер еді. Мына сұлулығымен университетте жұлдыз болар еді, емтиханды да тапсырмайтын еді» деп күледі.

Тобымызда тағы бір мәскеулік қыз болды. Кешіріңіз, тізесі шығып кеткен джинсы киіп жүретін. Басында екі бөлмелі пәтері бар. Ақшалы. Әке-шешесі жақсы тұрады. Білімді. Ешкім «Пәленше тізесі шығып кеткен джинсы киіп жүр, шашы өмірі май боп жүреді» деп әңгіме айтпайды. Және оның қалай жүретіні ешкімнің қаперіне де кіріп, шықпайды. Оны бәріміз жақсы көретінбіз. Себебі, ол білімді, ойын еркін айтатын, өзіне өте сенімді, мықты қыз еді.

Неге мен бұл мысалды айтып отырмын. Себебі, мұнда біздің елмен салыстырғанда құндылықтар басқа. Жастар арасында біздегідей киім жарыстыру жоқ, телефон жарыстыру жоқ, білім жарыстыру, ой жарыстыру бар.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1539    Пікірлер: 2

жексенбі, 21.01.2018, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31