Сен тұр - мен айтайын!

Ажалмен ойнаудың құны тым ауыр...

  • Ажалмен ойнаудың құны тым ауыр...

    Ажалмен ойнаудың құны тым ауыр...

Бір орыс әйел айтады: «Құрбымның бүйрегі ауырып, донор керек болды». Дәрігерлер: «Күнде бір байкер өледі. Олар жап-жас жігіттер, сол себепті, бүйректері де жас, жақсы жұмыс істейді. Қорықпаңыз, бір-екі күнде донор табылады. Уайымдамаңыз, сізді бір өлген байкер құтқарады » депті. Шынында да, құрбыма жас байкер жігіттің бүйрегін салды».

Байкерлер өздерінің өлетінін білсе де, адреналин алу үшін ажалмен ойнайды. Олар, әрине, айналасындағы достарының өліп жатқанын көріп жүр, өзінің де өлетінін біледі, бірақ тоқтамайды, анығы өзін тоқтата алмайды. Оларға өмірі өзіне құнды болмаса да, ата-анасына, бауырларына құнды екенін түсіндіріп көріңіз...

Олардың көпшілігі жақсы отбасында дүниеге келген, өмірде еш әлеуметтік қиыншылық көрмеген, бірақ олар рухани аш, бір қарағанда оларда бәрі бар, бірақ жандарына бір нәрсе жетпейді. Сол «рухани қуыстың» орнын толтырыру үшін, өздерін ұмыту үшін ойыннан шабыт алып, өмір сүруге құштарлық іздейді. Адамның бақытсыздығын қанағатсыздығы тудырса, сонда қанағатсыздықты қалай жеңуге болады? Рухани аштықты қалай емдеуге болады? Оның да бір емі болуы керек қой. Адамның рухани аштығына көп жағдайда бала кезінде ата-ананың махаббаты мен сүйіспеншілігіне өз деңгейінде бөленбегені себеп. Ата-анасы еркелетіп, мейіріміне бөлеп өсірген балалар өмірге құштар болады. Байкерлердің арасында да ата-анасы еркелетіп, мейіріміне бөлеп өскен балалар, әрине, бар, тіпті көп болуы мүмкін. Оларға бәрі аз көрінеді. Олар есейіп, ата-ананың құшағынан ұзаған соң да, мейірім мен жылылықты іздейді. Отбасын құрғасын жылылық пен мейірім сезінбесе не жұмысынан шабыт алмаса, рухани аштықтың орнын толтыру үшін басқа жақтан қызық іздейді. Ал ажалмен ойнаудың құны тым-тым ауыр...


Аяш Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1307    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 30.09.2017, 12:46

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30