Ажыраспай жатып басқа байға тиіп алыпты

Ажыраспай жатып басқа байға тиіп алыпты

Өткен аптада аздап кешеуілдетіп жолдан бір жақсы араласатын танысымның үйіне соқтым. Барғандағы мақсатым, онымен ара-қатынасымызды мүлдем суытып алмау, сирек болса да жүз көрісіп тұрудан туған ниет еді. Әдетте жасы бізбен шамалас болса да ажарына әжім онша түсе қоймаған, ақ құбаша, өзі қолды-аяққа тұрмайтын епті, мүсінші сомдап соққандай сымбатында міні жоқ әйелі есік ашатын. Бұл жолы мені қарсы алуға кешеуілдеп барып танысымның өзі келді. Білегін сыбанып алып, ашулы шыққан одан шошыңқырап қалдым. Ішімнен не бүлдірдім екен, мынауың менімен "разборка" жасағалы шыққаннан сау ма деген де ой келді. Сәлемімді салқын қабылдағандықтан, әлгімені қысқа қайырып ішке кірмей, кері бұрылсам ба деп қайтуға ыңғай таныта беріп едім. Ол: "Ішке кір" деді көңілсіздеу. Үйіне кірсем, ер жетіп үйленгелі жүрген үлкен ұлы томпаңдап пол жуып жатыр. Ал, мектеп жасындағы қызы ас бөлмеде ыдыс-аяқ жуып әуре. "Әй, мен қайтайын, тағы бірде келермін, генуборка жасап жатыр екенсіңдер ғой" дедім. Шындығын айтқанда, үйінде әйелі көрінбегенге бір түрлі болып қалдым. Бірақ сыр бергім келмеді. Ол: "Сен бұған таңданбай-ақ қой. Біз күн сайын кешкісін үй жинауды әдетке айналдырып алғанбыз. Көптен бері көрінбей кеттің ғой. Одан да жаныма келіп, әңгімеңді айт" деп ваннасына кіріп кетті. Білек сыбанғаны енді белгілі болды. Ол ваннада кір жууда екен. Есікті ашуға неліктен кеш келгені енді мәлім болды. Соңынан ілесе кірген мен, кір мәшинеден киім-кешектерді шығарып, сығып жатқанын көріп, "Әй, Сәрсен, шыныңды айтшы, сен бұрын-соңды кір жумаушы едің ғой! Бала-шағаңмен жабылып атқарып жатқан барлық шаруа бір бәйбішеңнен артылмаушы еді! Айтпақшы, ол қайда? Көрінбейді ғой өзі" дедім. Сәрсен қатты күрсінді. Біраз үнсіз тұрды. Не дер екен деп шыдамсыздана күтіп тұрған маған шағымданғандай аянышты түр танытып, "Ол байға тиіп алған!" деді.
– Қойшы, қайдағыны айтпай! Ауырып қалды ма? Әлде төркіндеп кетті ме?
– Мен саған не деп тұрмын! Байға тиіп алды! – бұл жолы оның даусы ащы шықты.
– Ел қызығарлықтай тату жұп едіңдер! Аяқ астынан не болып қалды. Араздасқан болсаңдар бізге бір ауыз айтуға болмас па еді! Мынау күнің күн емес қой сенің. Киін де жүр. Қандай дәу ол сенің бәйбішеңді тартып алатындай! – дедім, әуселем белгілі болса да шамама қарамай. Сәрсен тағы да үнсіз. Қабағы түсіңкі. Өзі тоз-тозы шығып кетіпті. Әбден жүнжіген оны аяп кеттім.
– Олар осы қалада тұрып жатыр ма?
– Иә.
– Намысты қолдан бермейтін жігіт едің ғой. Қалайша айырылып қалдың одан. Бірақ, құрдас сондай әдемі әйел ғой. Үйден көп шыға бермеуші еді өзі. Сенің бабыңды жасап бәйек болатын да жүретін. Шынымды айтсам, оған мен де кәдімгідей қызығатынмын. Не де болса, көшеге жиі шыққан болып тұр ғой, иә!
– Қайдағы көше! Қайдағы көшені айтасың, Қайрат. Ол үйден шықпай отырып-ақ бай тауып алды! – деді кеңірдегін шиқылдата жыларман болып.
Мен сасайын дедім. Ішімнен: Онысы несі? Үйден шықпай-ақ бай тауып алды дей ме? Сонда қалай? деп, Сәрсеннің өзінен күдіктене бастадым.
– Үйлері Алматының қай көшесінде? Әуелі өзім барып сөйлесіп көрейін.
– Осы үйде тұрып жатыр олар.
– Осы үйде дейсің бе?
– Көрші подъезде ме?
– Осы үйде деймін саған.
– Қай қабатта?
– Сөз ұқпайтын қандай қазақсың өзің. Осы үйде деп тұрмын ғой!
– Түсінсем бұйырмасын.
– Олар анау отау тамымызды бөліп еншілеп алған.
– Сәрсен, сенде ес бар ма өзі? Бөтен еркекті үйіңе кіргізіп але-е-еп, қатыныңның қойнына салып қойып, қалай шыдап отырсың! Қолында өлмейсің бе ол оңбағанның! Мен қазір, оларды өзім қуып шығам. Оңбағандар, басынғанды көрсетем оларға! дедім де Сәрсеннің отау бөлмесіне шауып бардым. Ішімнен бұл атаңәлет есік пен төрдей Сәрсенге көнбеген болса, маған қайдан көнсін деген бір ой мені кілт тоқтатты. Бірақ, кеш еді. Есікті әкемнің өші қалғандай қатты-қатты соғып қойып ем. Не де болса тәуекел. Таяқ жесем, Сәрсен үшін бір таяқ жермін. Тіл тартпай кетсем...
Бойымды үрей билей бастады. Кері шегініп үйлерінен қаша жөнелгім-ақ келіп тұр. Бірақ, желтоқсанды да көрген басым намысымды қолдан бергім келмеді. Шіркін, 25 жаста болғанымдай ғой, деп армандай бергенім сол еді, есік айқара ашылды.
– Есікті сонша тоқпақтағаның не? Ішке кір, – дейді отанасы сызылып.
– Сен бар ғой, өтірік сызылма. Қайда әлгі тіип алған байың?
– Байың дейсің бе?
– Иә.
– Оны көрмедің бе? Ол ваннада кір жуып жатқан болуы керек.
– Мен Сәрсенді сұрап тұрғам жоқ. Қазіргі сенімен бірге осы бөлмеде тұрып жатқан байыңды сұрап тұрмын. Шығар оны тез арада бері. Қазаққа жат қандай жаман қылық істеп жүрсің, ұятсыз! Қайда арсыз байың? – деп төпелей түстім, жаңа күйеуінің көзден таса тұрғанын пайдаланып.
– Ә! Менің жаңа байымды айтасың ба? Енді түсіндім. Жүр көргің келсе! – деді ішке қарай нұсқап. Алдыма түсе жылдам жүре түскен ол бара стол үстінде тұрған қап-қара, жып-жылтыр, судай жаңа ноутбукті аялы алақанымен үлкен махаббатпен сыйпады да:
– Міне, жаңа байым. Мен осыған байға тиіп алғалы үш айдан асты. Бұл бөлмеге Сәрсен кірмегелі де үш ай өтті. Өзіммен өзім, ырақа-а-ат. Сөткіден кірейін десем, ыңғайсыз. Көзіңді жеп қояды, әсіресе түнде. Сондықтан, осы ноутбукпен кіретін болдым.
– Қайда?
– Инстаграмм мен ФБ-ға!

Қайрат Дүйсен-Парман
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста