Сен тұр - мен айтайын!

Ақ сақалды атаның қоржынына тәтті сатып алып, балаларды алдау қажет пе?

  • Ақ сақалды атаның қоржынына тәтті сатып алып, балаларды алдау қажет пе?

    Ақ сақалды атаның қоржынына тәтті сатып алып, балаларды алдау қажет пе?

 Мектеп әкімшілігі 1 сынып оқушыларының ата-аналарына сыйлық әкелуге тыйым салыпты. Аяз ата бос қоржынды арқалап келе ме, әлде балалар өздері қолдан ойыншық жасап толтыра ма, ол жағын білмеймін.

Бірақ мектеп әкімшілігінің шешіміне ешкім қуанбады. Ақ жаулықты аналар директорға ренжіп, белсенділері өкпе-назын айту үшін ол кісінің есігін қағыпты. Мектеп басшысы жиналысқа кетіп, бұл даудан оңай құтылған сияқты.

Мен ата-аналарға таң қалдым.


Бұрын телеарнада ақша жинап жатыр деп тұрғындар байбалам салып, жылу жинайтын ұятсыздау әдетті тию мақсатында сюжет бердік. Министрлерді талай мазаладық .

Бәрі бекер екен!


Ата-ана шыршаны айналып, ән шырқап, өлең айтқан көңілді кешті кәмпитсіз көзіне елестеткісі келмейді.


Ақ сақалды атаның қоржынына тәтті сатып алып, балаларды алдау қажет пе?


Жаңа жылда балалар кәмпитке қарқ болады.


Оның орнына оқушыларды газет-журналға жазып немесе кітап сыйлайық. Ұсынысты ешкім қолдаған жоқ.


Биыл балалар журнал- газетіне жазылуды жоспарладық. "Ұлан" газетінен басқасын білмеймін. Бұрынғы дүңгіршектер қайда кеткен ?


Келесі аптада қалада көлік кептелісі басталады. Ел базар, барахолкаға шұбырады. Шыршаның түбіне қытайдың ойыншығын сатып алып, Аяз ата тастап кетті дейміз. Ең сорақысы, Қытайдың бюджетіне кеткен теңгелерді есептеп, ескерген ешкім жоқ.


Біз ойыншықтан бас тарттық. Кітап оқимыз.

Тағы ескеретін жәйт, 4-5 баласы мектепте оқитын отбасының сыйлық алуға қалтасы көтермейді. Оны да ұмытпаңыз.


Сондықтан ұлағатты ұстаздардың мектепке кәмпит әкелуге тыйым салғанын құптаймын!


facebook.com парақшасынан




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.12.2018, 20:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31